- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қонаевта жаңа аялдамаларды...
Қонаевта жаңа аялдамаларды қиратып кеткендер іздестіріліп жатыр
Қонаев тұрғындары жаңа аялдамаларды қиратып кеткендерге шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы qonaev_qapshagay Instagram-паблигі хабарлады.
"Қонаев қаласындағы жаңа аялдамаларды қиратып кетіпті! Бұл кімге керек?! Бұл жай ғана вандализм емес, бұл қоғамдық тәртіпті бұзу және жайлы қалалық ортаға құқығымызды бұзу! Жауаптыларды жазалауды талап етеміз" – делінген видео сипаттамасында.
Қазір полиция бұзақыларды іздестіріп жатыр.
"Бұл дерек Қонаевтағы ПБ-ға тіркелді. Қазіргі уақытта қылмыскерлерді анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстардан кейін оқиғаға құқықтық баға беріледі", - деді Алматы облысы Полиция департаменті өкілдері.
ҚР ӘҚБтК-нің 147-1 бабы ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру") бойынша әкімшілік іс қозғалғаны айтылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина