- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қонаевта жағажай бизнесі...
Қонаевта жағажай бизнесі тоқтай ма?
Қонаев қаласында нәсібін су жағасынан тауып отырған кәсіпкерлер бизнесінен айырылуы мүмкін. Қаланың бас жоспары бойынша келесі жылы орталық жағажайда күрделі жөндеу жұмыстары басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сол кезде жерді жалға алып келген кәсіпкерлерге жерді босатуға тура келеді. Бірақ, қала әкімдігінің бұл шешімімен кәсіпкерлер келіспей отыр. Себебі оларға жаңа орындар әлі күнге дейін ұсынылмаған. Тіпті, келесі жылы жағажайдағы бизнестерін жалғастыруға қатысты ешқандай нақты жауап берілмеген. Енді елуге жуық кәсіпкер бизнесімізге нұқсан келуі мүмкін деп алаңдайды. Барлығы орталық жағажайда дәмхана мен демалыс орындарын ашып, халыққа түрлі қызмет көрсетеді.
"Біз демалыс инфрақұрылымын өз қаражатымызбен салдық. Соның барлығын бір ақ күнде сүріп тастамақ, Сонда біз қайда барамыз? Біздің келешегіміз қандай болады? Әзірге белгісіз. Орталық жағажайды жөндеуге біз де атсалысайық. Басқа орынға көшуге де әзірміз. Бірақ, әкімдік өкілдері нақты жауап бермей отыр. Сондықтан біз жағажайдағы жұмысымызды одан әрі жалғастырғымыз келеді. Жағалаудағы жер телімдерін жалға беру мерзімін үш жылға ұзартуды талап етеміз", - дейді кәсіпкер Қамбар Баекенов.
Ал, қала тұрғыны, кәсіпкер Айымхан Жалымбетованың айтуынша, қала әкімдігі 42 кәсіпкердің құқығын бұзып отыр. Әр кәсіпкер кемінде 5-6 адамды жұмыспен қамтып отыр.
"Олардың да отбасы, бала-шағасы бар ғой. Егер жағажайды жақсартамыз десе алдымен бізді де қатыстырсын. Бізге жоспарды көрсеткен жоқ. Өз орнымызды жасап аламыз немесе басқа жерге көшіңдер деп айтулары керек еді. Жыл сайын арендаға 160 мың теңге төлейміз. Жыл басында келісімшарт мерзімі ұзартылады деп уәде берген. Сол уәделероінде тұрмады. Менің шатырларым ең бірінші тұр. Соған қызықты ма 5 метр жерді алып, басқа біреуге бергісі келген. Бірақ біз қарсы болған соң әкімдіктің ойы жүзеге аспай қалды. Мына "Тұрғын үй" ЖШС деген бар. Жағажайдың тазалығы мен қауіпсіздігі жауап беретін. Бірақ олардан өз міндеттін мүлдем атқармайды. Біздің құқымыз қайта-қайта бұзыла берген соң осылай наразылық танытып отырмыз", - дейді ол.
Орталық жағажай Қонаев қалалық әкімдігінің қарамағында жер.
"Жыл сайын қалалық әкімдік "Тұрғын үй" ЖШС арқылы кәсіпкерлермен жерді жалға беру жөнінде келісімшарт жасасып келген-ді. Бірақ келесі жылы ол келісімшарт болмайды. Себебі біз жоспарлы құрылыс жұмысын бастаймыз. Қаланың орталық жағалауын күрделі жөндеу жоспарланды. Жағалау аумағы кеңейтіліп, біркелкі сәулеттік келбеті жасалады. Қазір тұрған асханалар мен шатырлар алынады. Мұны кәсіпкерлерге ескерттік. Аббаттандыру жұмысы аяқталған соң ғана оларға жерді қайта жалға беру мәселесі қаралады", - дейді қалалық тұрғын үй комуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Д. Қарақонысов.
Бұл жөндеу жұмыстары екі жылға созылуы мүмкін. Ал, әкімдіктен нақты жауап ала алмай отырған кәсіпкерлер енді кәсіпкерлер қауымдастығын құрып, прокуратурға арызданамыз дейді.
Саламат Сабыр
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы