Алматы облысында гүлзарға зиян келтірген бұзақы он тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қонаев қаласының полицейлері 18 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол 11 қарашаға қараған түні қала орталығындағы бұзақылық ниетімен гүлзарға зақым келтірді.
Жас жігітке қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот оны кінәлі деп тауып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алды, келтірілген шығынның орнын толтыруға міндеттеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз