Көлік полицейі шұңқырға құлап кеткен азаматқа көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Қонаев станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында болды.
Полиция қызметкері Азамат Ештай кезекті рет Жетісу станциясындағы қызмет көрсету учаскесін патрульдеуге шыққан. Кенеттен жас полицей ер адамның шұңқырға құлап, өздігінен шыға алмай жатқанын байқады. Ол дереу шұңқырға жүгіріп барып, қолында бар, тапқан құралдардың көмегімен ер адамға шұңқырдан шығуға көмектеседі.
Содан кейін жәбірленушіге медициналық көмек ұсынған болатын, алайда ер адам одан бас тартты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!