- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қонаевта дәрігерлер әйел...
Қонаевта дәрігерлер әйел адамнан 4 келі миоманы алып тастады
Қонаевта дәрігерлер әйел адамнан 4 келі миоманы алып тастап, аман алып қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қонаев қаласындағы 35 жастағы әйел гемоглобиннің өте төмен деңгейімен ауыр жағдайда қалалық көпбейінді ауруханаға түскен. Шұғыл емдеуге жатқызғаннан кейін дәрігерлер жатырдың үлкен миомасын анықтап, хирургиялық араласуды – лапаротомия мен консервативті миомэктомияны сәтті жүргізіп, салмағы 4 келі миоманы алып тастады.
Операция кезінде ағзаның өзін сақтай отырып, жатыр миомасының түйіндері алынып тасталды.
"Бұл диагнозды немқұрайлылықпен қабылдауға болмайды, өйткені жатыр миомасы ең көп таралған гинекологиялық аурулардың бірі болып табылады және үлкен мөлшерге жетуі мүмкін. Сонымен қатар клиникалық көрініс пациенттің жасына, аурудың ұзақтығына, ісіктің орналасуы мен мөлшеріне байланысты және жатырдан қан кету, анемия, созылмалы ауырсыну синдромы, көрші ағзалардың қысылу синдромымен көрінуі мүмкін, бұл көбінесе жатыр миомасының көлемінің едәуір ұлғаюы кезінде кездеседі", – дейді пациенттің емдеуші дәрігері Раушан Әбдуәлиева.
Әйел қазіргі уақытта үйінде, дәрігерлерге ризашылығын білдірді.
Жатырдың қабыну аурулары, гормоналды бұзылулар, аборттар, етеккірдің кеш басталуы, артық салмақ, дұрыс тамақтанбау, жүрек-қан тамырлары патологиясы бейімділік факторлары болуы мүмкін екенін айта кеткен жөн.
Көбінесе ауру байқалмауы мүмкін. Осыған байланысты дәрігерлер мезгіл-мезгіл тексеруден өту, жағындыларды, соның ішінде цитологияны тапсыру, сондай-ақ ультрадыбыстық диагностикадан өту қажеттілігін еске салады. Сондай-ақ дәрігерлер жылына кемінде бір рет жамбас, сүт бездерінің, қалқанша безінің ультрадыбыстық зерттеуін жасап, гинекологқа қаралуды ұсынады.
Емдеуге жатқызу, операция және емдеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының есебінен жүргізілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина