- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қонаевта бір топ...
Қонаевта бір топ жасөспірім мас адамдарды аяусыз соққыға жығып, мұны видеоға түсіріп алған
Алматы облысында полицейлер ер адамға аяусыз әрекет жасаған жасөспірімдерді тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қонаевта бір топ жасөспірім мас күйде өтіп бара жатқан адамдарды аяусыз соққыға жығып, өз әрекетін видеоға түсіріп алған. Үш жасөспірімнің видеосы бірі әлеуметтік желілер мен WhatsApp-та тарап жатыр. Кадрларда кәмелетке толмағандар, оның ішінде жас қыз мас күйінде отырған ересек ер адамды тиісіп, кейін тепкілеп жатыр
Келесі бейнероликте мектеп оқушылары тағы бір ер адамға қатыгездік көрсетіп, оны да соққыға жығып жатыр. Болжам бойынша, бұл оқиға Қонаев қаласында болған.
Алматы облысының полициясы видеоның былтыр күзде Қонаевта түсірілгенін растады. Полицейлер оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтаған.
"Осы факті бойынша оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, Қонаев полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта қалалық полиция бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство тергеу облыстық департаменттің бақылауында екенін айтты.
"Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер әзірше жария етілмейді", - деп хабарлады полиция.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан