- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қонаевта бос жатқан...
Қонаевта бос жатқан жер мемлекетке қайтарылды
Алматы облысында жекеменшікке өтіп, бірақ өз мақсатында пайдаланылмаған жайылымдық жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Былтыр Жамбыл ауданында 40 мың гектарға жуық аумақ қайтадан мемлекет иелігіне өтті. Бұл жер учаскелері 54 ауылдық аймаққа бекітіліп берілді. Сонымен қатар, 55635 гектар игерілмей жатқан жер телімдері анықталған. Оның 16-сы бойынша іс сотта қаралып жатса, екі учаскені иелері өз еркімен қайтарыпты. Мамандардың айтуынша, ауданда ортақ жайылымды ұлғайту жұмыстары жүргізіле береді.
"Қайтарылған жерлер ауыл маңына схема бойынша келіп жатса сол ауыл, елді мекенге бекітіп береміз ортақ жайылымға. Егер ол ауылдан алшақ болса онда Жер кодексінің 48-бабына сәйкес конкурс арқылы беріледі", - дейді Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Эльдар Қайрат.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек