- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қонаевта блогерлерден қашқан...
Қонаевта блогерлерден қашқан прокурор жазаланды
Блогерден қашып кеткен Қонаев қаласының прокуроры жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Тексеру қорытындысы бойынша видеода көрсетілген прокурорлар түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - дейді Бас прокуратураның кадр қызметі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары қашып бара жатқан прокурорды видеоға түсірген блогерлерді жауапқа тартуға шақырған болатын.
"Алматы облысының прокуратурасы видеоны түсірген блогерлердің жауапкершілігі туралы мәселе көтерген жоқ, алайда видеода көрсетілген қызметкерлер жеке құқықтарын қорғау үшін сотқа өз бетінше жүгінуге құқылы", - дейді прокуратура өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина