- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қонаевта балаларының туған...
Қонаевта балаларының туған күнінде көкпар ұйымдастырған ер адам кешірім сұрады
2 қыркүйекте кешке "Береке" кафесінің маңындағы Алматы-Өскемен Республикалық маңызы бар тасжолының бойында, бір топ адам көкпар ойының өткізгені туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы Алматы облысының полиция бастығы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1979 жылғы ер адам балаларының туған күніне орай Қонаевтың шетінде "Көкпар" ұлттық спорттық іс-шарасын ұйымдастырып, оған басқа аудандардың спортшылары қатысқаны анықталды.
Қазір полиция қызметкерлері іс-шараның ұйымдастырушысы мен қатысушыларын Қоняев ҚПБ-на жеткізді.
Қазір барлық адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434, 406, 590 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек