- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қонаевта 4000 гектарға...
Қонаевта 4000 гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды
Фото:
Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Қонаевта 4000 гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалық әкімдікке қарасты жер қатынастары бөлімінің мәліметінше, жыл басынан бері апелляциялық соттың шешімімен 1840 гектар, өз еркімен жерді иелену құқығынан бас тарту бойынша 5,177 га, жер пайдалану құқығы тоқтатылған 2133,7 га жер мемлекетке қайтарылған.
Ал былтыр 15 000 га жер мемлекет меншігіне өткен. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Қазірдің өзінде жалпы көлемі 1415 гектарды құрайтын 4 іс сотта қаралып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина