Қонаев қаласының әкімі Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы өз еркімен лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпаратты Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Орынбекова растады. Ресми деректерге сүйенсек, Нұрлан Сатаев 2024 жылғы 28 наурызда Қонаев әкімі қызметінен өз еркімен кеткен.
"Ол өзінің басшылығы кезінде бірнеше маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырды. Мәселен, қалалық бу қазандығын мазуттан табиғи газбен қолдануға ауыстыру және қала тұрғындарын ыстық сумен тұрақты қамтамасыз ету. Сондай-ақ, Қонаев қаласының 10-шағын ауданында мектеп, тұрғын үй құрылысын, жол желісін салуды бастады. "Ардагер" және "Самал" шағын аудандарында бірнеше жобалар іске асырылды", - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!