1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Қонаев қаласындағы Қапшағай көлінің солтүстік жағалауының бойында 1,5 мен 18 жас аралығындағы мүгедек балаларға арналған заманауи күндізгі оңалту орталығы ашылды. Қызметтерді тірек-қимыл аппараты және психо-неврологиялық аурулары бар балалар дәрігерлердің нұсқауы бойынша ем-дом алады (жеке оңалту жоспары бойынша). Бүгінде арнайы мекемеде қырыққа жуық балаға қызмет көрсетіледі. Балаларға тегін тасымалдау, 4 рет тамақтану және жайлы жатын бөлмелерде демалу ұйымдастырылған.
Әртүрлі жастағы балалардың сабақтары үшін ойын бөлмелері, музыкалық сабақтарға, еңбек терапиясына, емдік дене шынықтыруға арналған бөлмелері бар. Орталықтың ашылуы кезінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова атап өткендей, ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және оларды әлеуметтік қорғау – мемлекет саясатының маңызды бағыты.
Мұндай орталықтың ашылуы – мемлекет қамқорлығының көрінісі. Бұл мүгедектігі бар балаларға қолдау болса, олардың ата-аналарына басқа шаруаларымен айналысуға мүмкіндік берді. Ол бүгінде облыс бойынша барлығы 43 мыңға жуық мүгедек азамат тіркелгенін және олардың арасында 18 жасқа дейінгі алты жарым мыңнан астам бала бар екенін атап өтті. Балаларды әлеуметтік қолдаумен барынша қамту үшін Қонаев қаласында тағы 150 орындық мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығын салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта құрылыс басқармасы жобаны әзірлеуде. Орталықта балаларға арналған барлық үй жағдайлары жасалынған. Арбадағы балалардың жоғарғы қабаттарына көтерілуге арналған арнайы құрылғы бар, барлық жерде – кілемдер, жайлы ойыншықтар. Орталыққа келген ата-аналар өздерінің қуаныштарын жасырмады.
Бүгінгі таңда қоғамда, өкінішке орай, мүгедек балалардың санының артқаны жасырын емес, сондықтан мұндай мекемелердің маңыздылығы зор.
Еліміздегі әрбір бала тек отбасының ғана емес, елдің де қамқорлығы мен назарында екені тағы да атап көрсетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!