Қонаев қаласында 40 миллиард теңгеге аквапарк салынады

Алматы облысына қарасты Қонаев қаласында 40 миллиард теңгеге аквапарк салынады. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Аквапарк - жеке инвестордың жобасы. Оның ішінде тек аквапарк емес, қонақүй салу мен жағажайды ретке келтіру жұмыстары жүргізіледі. Бюджеттен қаржы бөлінбейді. Қазіргі таңда жағажай төңірегіндегі, инвестициялық тартымды жерлерге инвестор тартуға тырысып жатырмыз. Ал бюджет қаражатын ауылдарды жарық және сумен қамтуға жұмсап жатырмыз. Аквапарк Қонаевта бой көтереді", - деді Сұлтанғазиев. 

Одан бөлек, Қара каньонда 1,5 миллиард теңгеге аспалы көпір салынады. Ал "Ой-Қарағай" шипажайын кеңейту үшін 58 миллиард теңге жұмсалмақ.  

Тақырыпқа қатысты материалдар:

Неге Шерзат Болаттың отбасына жаңа үй берілмеді? Әкім жауабы

Шерзат ісінен кейін Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев отставкаға кете ме?

Кеген мен Райымбек аудандарына табиғи газ қашан қосылады - Облыс әкімі жауап берді

Мәселеден көз ашпайтын "Асыл арман": облыс әкімі не деп ақталды?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!