Қонаев дәуірінің рухы: ретро көліктер көшеге қайта оралды

Қонаев дәуірінің рухы: ретро көліктер көшеге қайта оралды

Қонаевта жеке кәсіпкер автошеру ұйымдастырды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қонаевта "Тұлпар" ретро автокөліктер салонының басшысы Мұрат Сіргебаев автошеру ұйымдастырды.

"Біз барлық саяси науқанға белсенді қатысамыз. Бүгін референдумға орай халықтың көңіл күйін көтеру үшін автошеру ұйымдастырдық. Бұл күні ел болашағы анықталады. Сондықтан әр азамат шет қалмай, азаматтық позициясын білдіруі тиіс деп ойлаймын", – деді кәсіпкер.

10 көліктен құралған шеру бірнеше референдум учаскелеріне барды. Олар 5 көшені толық аралап, 17 шақырымнан астам жол жүріп өтті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек