Көмір тапшылығы бар: Қазақстанда жылыту маусымы қалай басталмақ?

Көмір тапшылығы бар: Қазақстанда жылыту маусымы қалай басталмақ?
Фото: depositphotos.com

Жылыту маусымы қарсаңында өңірлер 65 пайыз көлемінде көмірмен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Энергетика министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің отырысында айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жиынға "Қазақстан Темір Жолы "ҰК" АҚ өкілдері, көмір өндіруші кәсіпорындар мен сыртқы сауда қызметінің мамандары қатысты. Өңірлердегі көмір дайындау жоспары орындалуы, жартылай вагондармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ, өңірлік операторлардың қызметі туралы есептер тыңдалды.

"Бүгінде халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектордың жылыту маусымына қажеттілігі - 7,4 млн тонна көмір. Өңірлер бойынша көмір дайындау көлемі 4,8 млн тоннаға жетті, бұл - жоспардың 65%-ы. Энергетика министрлігі өңірлерді көмірмен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауда ұстайды", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget