- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Компьютерлік ойындарға құмар...
Компьютерлік ойындарға құмар адамның 20 жылдан кейінгі келбеті қандай болады?
Ғалымдар онлайн ойындарға құмар адамның бейнесі 20 жылдан кейін қандай болатынын көрсетті. Бұл туралы dailymail жазды.
Канадалық сарапшылар болашақ ойыншылардың келбетін жасады. 20 жыл бойы ойын ойнаған адамның көзі дөңес, бас сүйегі қисық, терісі өзгерген. Компьютерлік ойындарды ойнап отырып, өзіңізге мән бермесеңіз, сіз де осындай жағдайға тап болуыңыз мүмкін, деп ескертеді мамандар.
Ойыншының есімі Майкл, оның өмір салты физикалық жағдайына қалай әсер еткені қазіргі ойыншыларды ойландырады деп үміттенеді ғалымдар.
Коронавирустық пандемия кезінде өзін-өзі оқшаулауды ілгерілету онлайн ойын индустриясының өркендеуіне әкелді. Ойыншылар ойынға әдеттегіден 19 пайызға көп уақыт жұмсай бастады. Бұл олардың денсаулығына теріс әсер етеді.
Модельді жасаған ғалымдар геймерлерге уақытында тамақтанып, су ішіп, өздерін жақсы күтуге кеңес берді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазір онлайн ойынға тәуелділікті психологиялық ауру деп таныды.
Ұйқының болмауы, сусыздану, D дәруменінің жетіспеушілігі, күн сәулесі түспейтін креслода сағаттап отыру - бәрі де зиян. Үнемі ойын қалпында отыру омыртқа сүйектерінің қисаюына, ал дұырыс емес өмір салты аяқ-қолда экземаның пайда болуына әкеледі.
Т. Раушанұлы