"Комплекстерін жұбататын әйел көп". Ерке Есмахан бетіне ота жасады деген қауесетке нүкте қойды

"Комплекстерін жұбататын әйел көп". Ерке Есмахан бетіне ота жасады деген қауесетке нүкте қойды
Фото: Әлеуметтік желідегі парақшасынан

Танымал әнші Ерке Есмахан бетіне пластикалық ота жасады деген қауесетке нүкте қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Оқырмандарының бірі "сіз бетіңізге неше рет пластикалық ота жасаттыңыз?" деп сұрады. 

"Ерке бетіне пластикалық ота жасатқан, үйткен-бүйткен деп жазып, өздерінің ішіндегі комплекстерін жұбататын әйел, қыз көп. Көңіл-күйіңізді түсірейін, бетіме ештеңе жасатпағанмын. Құдай куә және күйеуім куә. Кішкентаә қыз болдым, бой жеттім, есейіп ару боп әдемілендім. Ана болып әрлендім. Өзіме қатты күтім жасаймын. Енді табиғатты пластикаға жатқызу қате. Жалпы қазір блогер, әншілер бет-мұрын жасатып, қай жерін алып, қай жерін салып жатқанын ашық көрсетеді ғой. Неге қазіргі заманға сай болып кеткен трендтерге таңғаласыздар?" - деп жазған ол. 

 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек