- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Компанияны қарызымен бірге...
"Компанияны қарызымен бірге сатып алдым". Тұрсен Алагөзов Шымкент сыра зауыты туралы айтты
Кәсіпкер Тұрсен Алагөзов Forbes Kazakhstan youtube-арнасына берген сұхбатында Шымкенттегі сыра зауыты туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Шымкенттегі сыра зауытын Тоқтар Төлешовтен сатып алмаған.
"Төлешовті жеке танымаймын. Кәсіп Төлешовтен банкке немесе ұйымға өтеді, нақты білмеймін. Білуімше, лицензиясын жоғалтады. Сөйтіп, бүкіл өнеркәсіп тоқтайды. 2 жыл бойы кәсіп құрдымға кетеді. Сауда орындарында сататын өнім, тауар болмайды. Мұның бәрі компанияның алға ілгерілеуіне әсер еткен. Маған Шымкент сыра зауытын сатып алу туралы ұсыныс түскенде тарихын қарап шықтым. Екі жылдан соң 50 жыл толады екен. Бірден шешім қабылдап, ақпанның соңында келісімге келдік. Бізде өзіміздің брендтік сырамыз жоқ. Сонда патриоттығымыз қайда? Сыраның бәрі шетелдік брендтер. Сол үшін өзіміздің сыра зауытын дамыту керек деп ойладым", - деді ол.
Тұрсен Алагөзов сыра зауытын қарыздарымен бірге алғанын айтты.
"Бірақ қарыздары туралы айтқым келмей тұр. Қарыз - қашан да таласқа түсетін нәрсе ғой. Кәсіптің банк алдындағы, салықтағы және өзге адамдардан алған қарызының бәрі сот актісінде жатты. Бұл маған дейін болғанымен, әрі қарай солай қабылдаймын деп шештім. Ұжымға барғанда адамдардың көзінен "Алагөзов не істей алады екен" деген сұрақты көрдім. Сөйтіп, Европадан арнайы мамандар шақырдым. Біраз өзгеріс жасап жатырмын. Бірақ 1972, 1982 жылдары салынған кейбір тарихи нәрселерді қалдырдым. Негізгі мақсатым - Шымкенттің сыра зауытындағы тарихи мәртебесін қайтарғым келді. Бұл - жергілікті бренд қой. Біз қазір белсенді түрде реконструкциямен айналысып жатырмыз. Барлық құрылғыларды ауыстырдық. Өзгерістерге екі жылға жуық уақытта 10 млрд теңге жұмсаймыз деген жоспар бар. Шымкент сыра зауытын бұрынғы 20-30 жыл бұрынғы атағына қайтарамыз деген үмітім бар. Тұрғындардың "бұл біздің Шымкенттікі" деп мақтанғанын қалаймын",- деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы