Компанияларды рейдерлік жолмен басып алу ісі: 9 миллион доллар бұғатталды

Компанияларды рейдерлік жолмен басып алу ісі: 9 миллион доллар бұғатталды
Фото: Видео кадры

Қаржы мониторингі агенттігі бірнеше ЖШС-ны рейдерлік жолмен басып алу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алдын ала болжам бойынша зардап шегушіге келтірілген шығын көлемі 18 миллиард теңгеден асады. Биыл 14 шілдеде сот Р.Бабаев, Т.Танашев, Д.Әбижанов және А.Алтыбасаровқа қатысты қамауға алуды санкциялады. Қоспаев, Шалин және Имашевқа халықаралық іздеу жарияланды. Мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданды", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, бұл азаматтардың 9 миллион долларға жуық қаражаты бұғатталып, зергерлік бұйымдары тәркіленген.

"Күдіктілер мен оларға қатысты тұлғалардың 154 жылжымайтын мүлік нысаны (тұрғын үй кешенінде 102 пәтер, 6 жекеменшік үй, 28 тұрғын емес үй, 11 учаске, бір сауда нысаны, екі қала, төрт көлік тұрағы), 19 көлік тәркіленген. Соталды тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жария етілуге жатпайды", - делінген хабарламада.

ҚМА-ға аталған топ мүшелерінің рейдерлік әрекетінен зардап шеккен азаматтардан арыздар әлі де келіп түсіп жатқанын айтты. Қоспаевтың және басқа да тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен кәсіпкерлерді ҚМА немесе аумақтық департаменттерге хабарласуды сұрайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

A post shared by ҚР ҚМА / АФМ РК (@afm_rk)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек