"Шетелдегі қазақ балалары" жобасының авторы, жүргізушісі Жанар Байсемізова "Менің өмірім" бағдарламасында күйеуімен қалай танысқаны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, күйеуі қазір компаниядағы басшылық қызметте.
"Күйеуімнің мамандығы көп. Қазір бір компанияда басшылық қызметте. Күйеуімді алғаш көргенде "қандай әдемі" деп ойладым. Маған бірінші ғашық болды. Оған мүлде телефон соққан емеспін. Ол маған күніне 126 рет қоңырау шалатын. Ол кезде мен Атырауда "Қазақстан-Атырау" телеарнасының бас редакторы болдым. Бір күні қызметкер "сізге бір кісі келіп тұр" деді. Шықсам, телеарнаға келіп алыпты. "Неге келдің,мына жақтағы адамдар әңгіме қылады" деп шошып кеткенмін. Көп уақыт жүрмедік. Танысқанымыздың екінші күні ол маған "бас қосайық" деген ойын айтты", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!