- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Коммуналдық төлем бойынша...
"Коммуналдық төлем бойынша жеңілдік бар": Астанада алаяқтар қарттардың ақшасын ұрлаған
Елордада өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырған алаяқтар қарттарды алдап, ақшаларын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұрылар арам пиғылын алдын ала жоспарлап алған. Олар "әлеуметтік қызметкерміз, коммуналдық төлем бойынша жеңілдік бар", - деп зейнеткерлердің үйіне кірген.
"Алдымен ұрылардың бірі үйге кіреді де, есікті жаппайды. Негізінен ас бөлмесіне кіріп дәптерін шығарып, зейнеткерге әртүрлі сұрақтар қойып алдаусыратып отырған. Осы мезетті пайдаланған екіншісі үйге кіріп, емін-еркін құнды заттарды қолды қылады. Айталық, Есенберлин көшесінің бойындағы үйлердің бірінен олар 92 жастағы қарияның жылдар бойы жинаған 1,2 миллион теңгесін алып кеткен", - дейді Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Балтабек.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілерді қолға түсірді.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова