Коммуналды қызметке 15 мың теңгеден беріледі

Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысы Әсет Масабаев төтенше жағдайлар режімі аяқталғаннан кейін тұрғындарға коммуналды қызметақысын өтеу үшін 15 мың теңгеден таратылатынын жеткізді. Мұны басқармасы басшысы онлайн-брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Басқармасы басшысының айтуынша, коммуналды қызметақының сомасы келесідей азаматтарға беріледі:

- 1-ші, 2-ші және 3-ші топ мүгедектерге;

- мүгедек баласы бар жанұяларға;

- көпбалалы отбасыларға;

- ҰОС ардагерлері мен тың ардагерлеріне;

- жалғызбасты зейнеткерлер мен аз зейнетақы алатындарға;

- атаулы әлеуметтік көмек алған азаматтарға;

- мемлекеттік, әскери, қоғамдық тапсырманы орындау, қоғамдық тәртіпті күзету, ғарыш кеңістігіне ұшу дайындығы кезінде қаза болғандардың жанұясына.

Осы топқа енетін жанұя мүшелері де өтемақы ала алады.