Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Павлодар облысындағы қызғылт көлге қатысты комиссия құрылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram Stories-інде бөлісті.
"Осы видеоға қатысты. Қазір ҚР Министрлігінің Экология комитеті мен Павлодар облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының сарапшылары, экологтар, қоғам қайраткерлерінен тұратын комиссия құрылып жатыр. Олар Коряковка көлінде зерттеу жүргізеді. Бұл - Қазақстандағы екінші танымал қызғылт көл. Комиссия жұмысының қорытындысы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында орналастырылады. Барлық ұйымдастыру жұмысы аяқталғаннан кейін комиссия сейсенбі сол жерге аттануы керек", - деп хабарлады экология министрі Instagram-парақшасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!