Тываның белгілі мультиаспапшысы, көмеймен ән айтудың шебері Радик Тюлюш The Spirit of Astana заманауи этникалық музыка фестивалінде өнер көрсетеді. Аты аңызға айналған музыкант Steppe Scape тобымен бірге өнер көрсетеді. Steppe Scape – Сібір халықтарының ежелгі әндерін электроникамен және рокпен үйлестіріп айтатын топтардың бірі.
23-24 маусымда Астана әкімдігінің қолдауымен "Бәйтерек" монументінің алаңында өтеді. Радик Тюлюштің айтуынша, Steppe Scape жобасының музыканттары ұзақ уақыт бойы бірге өнер көрсетпеген. Олар The Spirit of Astana заманауи этникалық музыка фестивалінде қайта бірге өнер көрсетпекші. "Steppe Scape интернационалдық әрі халықаралық жоба. Онда көптеген белгілі музыканттар бар. Меніңше, түрлі мәдениет өкілдерінің бірігуі осы жобаға ерекшелік береді. Ресейден, Еуропа елдерінен музыканттар келеді. Күшті микс болады", – дейді музыкант. Оның айтуынша, іс-шараның EXPO-2017 көрмесі кезінде өткізілуі фестивальге ерекше көңіл-күй береді. Сондай-ақ, Радик Тюлюш Тыва музыканттары – "Хуун-Хуур-Ту" тобымен бірге өнер көрсетеді. Айта кетейік, "Хуун-Хуур-Ту" мен DJ Carmen Rizzo ерекше бағдарлама дайындады.
Өз кезегінде Alash Media Group бас директоры Батыр Қазыбаев The Spirit of Astana фестивалінің өткізілуіне қатысты пікір білдіре отырып, осы іс-шараның әлем бойынша танымал болғанын айтып өтті. "The Spirit of Tengri фестивалі биыл Астанаға келді. Бірақ елорда үшін біз ерекше атау ойластырдық – The Spirit of Astana. Фестивальдің жыл сайын осында өткенін қалаймыз, себебі Ethno World Musiс – бұл соңғы музыкалық тренд. Бізді әлем тез таныды. Орталық Азияның музыкалық контентін бақылауға шетелдік музыканттар мен продюсерлер келіп жатыр. Бұл дегеніміз біздің контент жуырда әлемдегі музыка алаңдарында пайда болады. Бұл біз үшін өте маңызды. Мысалы, Еуропада көбінесе араб және африкалық сарындағы әндер көп. Біздің музыкалық мұрамыз – Еуразия көшпелі халықтарының әрі ол жақтарда мүлде таныстырылмаған. Еуропаға дейін жетеміз деген сенімдемін", – деді Қазыбаев.
"The Spirit of Tengri фестиваліміз бесінші рет өтті, мұның ендігі мемлекеттік жоба екендігін сездік. Сондықтан осы мерейтойды Астанада атап өтетініміздің өзіндік нышаны бар. Елордаға жетіп, қала әкімдігімен бірлесіп, арнайы бағдарлама жасадық. Осы күндері EXPO-2017 өтеді, мұнда көптеген қонақ келеді. Оларға біздің фестиваль де ұнайды деп сенемін", – деген еді осыған дейін The Spirit of Tengri фестивалінің және "Жұлдыз FM" мен Tengri FM радиостанцияларының бас продюсері Жан Қастеев.
Биыл фестиваль сахнасына 14 музыкалық ұжым шығады: Geo Train (Грузия); DJ Carmen Rizzo (АҚШ); Huun Huur Tu (Тыва); Namgar (Бурятия); Ljubojna (Македония); Motiva Zenekar (Венгрия); Argymak (Башқұртстан); Инна Желанная (Ресей); Tamikrest (Мали); Steppe Scape (Тыва/Бурятия/Германия); Еділ Хусаинов пен Satzhan Project (Қазақстан); "Барабаны Алматы" (Қазақстан); Tigrahaud (Қазақстан): DJ Нариман Исенов , DJ Роман Бажанов, DJ Рустам Оспанов, DJ Арсен SuperFly (Қазақстан). The Spirit of Astana фестивалі 23-24 маусым күндері "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда өтеді. Концерт 17.00-де басталады, кіру тегін.