- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көмектесіңізші, күйеуім ұрып...
"Көмектесіңізші, күйеуім ұрып жатыр". Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кім араша түсті?
Көшедегі адамдар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қалай қарайды? Танымал блогер әлеуметтік эксперимент арқылы анықтауға тырысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Танымал блогер Алмасбек Батыров пен Жәнібек Мамыржанов әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа көшедегі адамдардың қалай қарайтынын анықтау үшін әлеуметтік эксперимент жасады.
Қолына таяқ ұстаған күйеуінен қашып келе жатқан әйел көшедегі адамдарға: "Мені бұрынғы күйеуім ұрайын деп келе жатыр, көмектесіңізші" деп айналасындағы адамдардан араша сұрайды. "Енді өзіңнің күйеуің ғой", "Кешіріңіз, қарындас, мен не істей аламын?" деп қол ұшын созбаған адамдар көп болған.
Алайда телефонмен сөйлесіп бара жатқан Диас есімді жігіт қолына таяқ ұстаған азаматты тоқтатып, әйелге көмек қолын созды. Жігіт ашуға бйо алдырып жатқанда операторлар мұның әлеуметтік эксперимент екенін айтып, сабырға шақырған. Телефонмен сөйлесіп бара жатса да көшеде көмек сұраған әйелге көмектескені үшін оған 50 мың теңге сыйлық беріп, қолын алды. Әлеуметтік желідегі оқырмандар да жігіттің батылдығына тәнті болып, жақсы пікір жазып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина