- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көмектесемін деп екіншісі...
"Көмектесемін деп екіншісі де түсіп кеткен": Қызылордада жасөспірімдер оқыс жағдайға тап болды
Қызылордада мұзға құлап кеткен жасөспірімдерді полицейлер құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары Сырдария өзенінің аумағын патрульдеу кезінде суға батып жатқан балаларды байқаған. Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері Әділхан Молдағалиұлы мен Алтынбек Мейрамбекұлы суға батып бара жатқан жасөспірімдерді арқан арқылы құтқаруға кіріседі. Оларды мұздай судан шығарған полицейлер жедел жәрдем шақырып, балаларды ата-анасына тапсырған.
Жасөспірімдер ойнап жүріп мұзға шыққан, бірақ мұз олардың салмағын көтере алмай, бала суға құлап кеткен. Қыз оған көмектесуге тырысқанымен, ол да суға түсіп кетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова