"Көмекшілері арқылы шықты". Қазақстандық трансгендер жоғары қызметтегі бірнеше адаммен араласып жүргенін айтты

Niko Nett лақапатымен танылған қазақстандық трансгендер Наиль Тұрғанов өзіне қандай ер адамды іздеп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Маған қаржылық мүмкіндігі жоғары еркектер керек. Маған Камриі бар немесе 3-4 көлігі бар, бірақ сараң адам керек емес. Маған жоғары қызметте істейтін адамдар керек. Өзіңіз де түсінеміз деп ойлаймын. Олар мені қорғай алуы қажет. Маған қарапайым жігіттер ұнайды, бірақ олармен бірге бола алмаймын. Анау-мынау адам менімен өмір сүре алмайды, мен де өмір сүре алмаймын", - деді ол НТК телеарнасындағы Taboo бағдарламасына берген сұхбатында. 

Ол жоғары қызметте отырған адамға тұрмысқа шыққысы келетінін, бірақ мұны көпшіліктің білгенін қаламайтынын айтты. 

Niko Nett сонымен бірге қазірдің өзінде мұндай адамдардың бар екенін, кейінірек жеке өмірінде жаңалық болып жатса, әлеуметтік желіде хабарлайтынын жеткізді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз