Абай облысында суда әйел адам құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Абай облысының Курчатов қаласында болды. Өртсөндірушілер Жанғазы Жұмағазин мен Әділет Оспанов қалалық жағажай аумағында жаяу патрульдеу жүргізу кезінде көмек сұраған дауыстарды естіген.
Құтқарушылар дереу көмекке келіп, 1976 жылы туған әйел адамды суға батып кетуден құтқарып қалды.
"Әйелдің жағдайы тұрақты, медициналық көмек қажет болмады. ТЖМ азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!