Қомақты қаржы жымқырған: Шығыс Қазақстанда шенеунік сотталды

Қомақты қаржы жымқырған: Шығыс Қазақстанда шенеунік сотталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

"Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау" ММ облыстық филиалының басшысы сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өскемен қаласының № 2 соты "Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау" ММ облыстық филиалының басшысы С.Станбековке үкім шығарды.

"Ол қала тұрғынын филиалға жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,7 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды", - деп жазылған хабарламада.

Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget