Компанияның қомақты ақшасын иемденген қазақстандық Дубайда ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дубайда Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) халықаралық іздеу жарияланған ер адам ұсталды.
"2022 жылы күдікті адамдармен бірге алматылық ЖШС-лардың бірінен өзіне қарасты компанияның шотына қаражат аудару арқылы 947 миллион теңге жымқырған", - деп жазылған хабарламада.
Қазір ер адам қамауда. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!