Қостанайда отадан кейін комаға түскен 3 жасар бала қайтыс болған еді. Полиция осы іске қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Наркоздан кейін комаға түскен 3 жасар баланың өліміне қатысты полиция соталды тергеуді бастады. Қажет тергеу әрекеттері, сараптамалар жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Қостанайда жоспарланған отадан кейін комаға түскен үш жасар бала қайтыс болғаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!