- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Комаға түскен". Қостанай...
"Комаға түскен". Қостанай облысында 3 жасар баланың өліміне қатысты тергеу басталды
Фото:
elements.envato.com
Қостанайда отадан кейін комаға түскен 3 жасар бала қайтыс болған еді. Полиция осы іске қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Наркоздан кейін комаға түскен 3 жасар баланың өліміне қатысты полиция соталды тергеуді бастады. Қажет тергеу әрекеттері, сараптамалар жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Қостанайда жоспарланған отадан кейін комаға түскен үш жасар бала қайтыс болғаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова