Әнші, композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды. Бұл туралы полиция Massaget.kz-ке берген жауабында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек Алатау аудандық полиция басқармасында тіркелген.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Осы қылмысты жасады деген күдікті "ізін суытпай" ұсталды. Ол қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - делінген полицияның Massaget.kz-ке берген жауабында.
Еске салайық, бұған дейін композитор Арман Қайназаров қайтыс болғаны хабарланған еді. Бұл ақпаратты Massaget редакциясына журналист Тимур Нұғман растады.
"Ол 4 қыркүйекте Шаңырақ шағынауданындағы кафе маңында жігіттермен төбелесіп қалған. Сол күні жансақтау бөліміне түсті. Кейін комаға түскен. 19 қыркүйекте ол қайтыс болды", - деген еді журналист.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тырнақ неге сына береді?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!