- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құзырлы органдар туралы
“Комада жатыр“. Атырауда құзырлы орган қызметкерлері төбелескен оқиғаға қатысты тың деректер шықты
![“Комада жатыр“. Атырауда құзырлы орган қызметкерлері төбелескен оқиғаға қатысты тың деректер шықты](/userdata/news/news_124627/image_l.jpg)
Атырауда екі бірдей құзырлы орган қызметкері төбелесіп, бір басшы ес-түссіз күйде жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
КТК телеарнасының мәліметінше, өңірдегі көлік прокуратурасы мен мемлекеттік кірістер департаменті басшылары бірге демалып, арты жұдырықтасумен аяқталған.
Шенеуніктер төбелесі қала орталығындағы мейрамханада болған. Лауазымды бес қызметкер VIP бөлмеде оңаша отырған. Таңға жуық мейрамхана даяшылары мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары кабинада ес-түссіз күйде жатқанын көріп, жедел жәрдем шақыртқан. Тергеу тобы оқиға орнының видеожазбасын қарағанда прокуратура мен салық органының қызметкері сөзге келіспей қалғанын анықтаған.
"ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігімен соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды", - деді Атырау облыстық полиция департаментінің өкілі.
Телеарна мәліметінше, оңбай соққы алған кірістер департаменті басшысының орынбасары ауруханада ес-түссіз жатыр. Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы бұл шенеуніктің денсаулығына қатысты нақты ақпарат бермеген.
Ал Бас көлік прокуратурасы бұл оқиғаға қатысты мән-жайды анықтап, қызмет тексерісі жүргізілетінін жеткізді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова