Жуырда Threads желісінде қолында сәбиі, арқасында жеткізу қызметінің үлкен сөмкесі бар әйелдің суреті қызу талқыланды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев отбасының қазіргі жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шенеуніктің сөзінше, бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырған.
"Бірінші міндетіміз барлық жағдайды тексеру болды. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы отбасымен жұмыс істеді. Қызметкерлер олармен кездесіп, танысып, жағдайды анықтап, мемлекеттік қолдаудың қандай шараларын ұсынуға болатынын сұрады. Алайда отбасы ұсынылған қолдау шараларынан бас тартып, Шымкентке қайтуды жоспарлап отырғанын хабарлады (сурет түсірілген сәтте әйел күйеуімен Алматыда тұрған, олар бір ай бұрын көшіп келген, ал туған жерлері - Шымкент - еск.)", - деді ол.
Асқарбек Ертаевтың айтуынша, оларды іздестіруге қатысқан жергілікті кәсіпкер де отбасына көмектескісі келген.
"Олар оған алғыс айтып, көмектен тағы да бас тартты. Өз тарапымыздан мансап орталығы арқылы жұмысқа орналасуға көмек ұсындық. Әйелдің жұбайы IT саласында жұмыс істейді және лайықты бос жұмыс орындары болды. Бірақ отбасы ойлана келе бас тартып, Шымкентке қайтып кетті. Олар қайтып бара жатқаны белгілі болған кезде Шымкенттегі мансап орталығын қосып, әріптестерімізден сол жақта жұмысқа орналасуға көмектесуді сұрадық", - деді министр Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!