“Қолында пышаққа ұқсас зат бар“. Қордайдағы дәмханада полицейлермен жанжалдасқан әйелдің видеосы тарады

“Қолында пышаққа ұқсас зат бар“. Қордайдағы дәмханада полицейлермен жанжалдасқан әйелдің видеосы тарады
Фото: ІІМ

Жамбыл облысында полиция қызметкерлерін балағаттап, қарсылық танытқан дәмхана әкімшісіне қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қордай ауданында жүргізілген рейд барысында кафелердің бірінде әкімшілік заңнама бұзылғаны анықталған.

"Әкімшілік материалдарды рәсімдеу кезінде жағдай ушыққан. Кафе әкімшісі полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынудан бас тартып, хаттама толтыруға кедергі келтірген. Ол полиция қызметкерлерін балағаттап, бейәдеп сөздер айтып, белсенді түрде қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшыларына түрлі зат лақтырған. Бұдан бөлек, әйел адам учаскелік полиция инспекторына қол жұмсап, ғимараттан итеріп шығаруға әрекет жасаған", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 378-бабы 1-бөлігі (билік өкілін қорлау) және 380-бабы 3-бөлігі (билік өкіліне күш қолдану) бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget