Алматыда түн ортасында 102 пультіне көшеде пышақ ұстаған бір топ жас адам жүргені туралы хабарлама түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жанжал барысында бір жігіт пышақ жарақатын алғанын анықтаған. Бұл жағдай Ақсай шағынауданында болған.
Полиция қызметкерлері бірден алты күдіктіні ұстаған.
"Боран-308" экипажы ізін суытпай алты адам ұстады. Олардың болған жағдайға қатысы болуы мүмкін. Кейбірінің киімінен қанға ұқсас іздер анықталды. Сондай-ақ, тергеу үшін маңызы бар заттар тәркіленді", - деді Алматы ПД өкілі.
Ұсталғандардың барлығы тергеу амалдарын жүргізу үшін Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізілген.
Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның толық хронологиясын, жанжалдың себептерін, қатысушылардың рөлін анықтап, соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз