“Қолында пышағы бар“. Алматыда көшеде жалаңаш жүрген ер адам тұрғындарды шошытты

27 сәуірде Алматыда Бұқар жырау көшесі бойында қолында пышағы бар жартылай жалаңаш ер адам жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы жарияланды. Кадрда іш киіммен көшеде жүрген ер адам көрінеді. Оның қолында пышаққа ұқсас зат болған. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары полиция шақыртқан.

Алматы Полиция департаменті ер адам ұсталғанын хабарлады. Ол қабылдау-бөлу орнына қамалған.

"Күдікті - 1990 жылы туған шетел азаматы. Ол іс-әрекетіне қатысты мардымды түсініктеме бере алмады. Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзу дерегі де анықталды", - деді ведомство өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!