- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қолына күрек алып,...
Қолына күрек алып, қи ойған кішкентай бала Қазнетті елжіретті
Аязда қолына күрек алып, қи ойған кішкентай бала Қазнетті елжіретті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео Мәди Ахметқожа есімді әншінің әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды.
"Кіп-кішкентай болып, қолына күрек алып қи ойып жүріп, "Амал бар ма, өмір осылай" деп әнімді шырқап тұрған Бекзада Асхатұлы есімді кішкентай құлыншақ. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Кеншоқы ауылынан! Тәрбие тал бесіктен!Болашағың жарқын, елге қалаулы азаматтардың бірінен бол!" - деп жазған өнер иесі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары кішкентай еңбекқор балаға тәнті болып, пікір жазған.
"Жаным-ау, болашағың зор болсын", "Әй, қарғам-ай, талабың таудай болсын", "Айналайын, нағыз қолқанат. Әні керемет", "Еңбегің жемісті болсын, балақай, әнің керемет, шаршамай жұмыс істей бер, өмір жасың ұзақ ғұмырлы бол", "Тфәй-тфәй, тіл көзден аман болсын, ботақаным", Жаным-ау сол, қиналғанын білдірмей әндетіп қойып, жұмысын істеп жүр. Мұндай балалар түбі бір жерді тесіп шығады", - деп жазған олар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек