“Қолын қайырған“: Алматыда балаға күш көрсеткен түзеу орталығының қызметкері ұсталды

“Қолын қайырған“: Алматыда балаға күш көрсеткен түзеу орталығының қызметкері ұсталды
Фото: ІІМ

Алматыда балаға күш көрсеткен түзеу орталығының қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алмалы аудандық полиция басқармасы түзету орталығының қызметкері жасаған құқыққа қарсы әрекет бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Жедел тергеу іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәлар мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынып жатыр. Тергеу барысы Алматы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде ер адам баланың қолын қайырып жатқаны көрінетін видео тарады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget