“Қолын қайырған“: Алматыда балаға күш көрсеткен түзету орталығының қызметкері ұсталды

Алматыда балаға күш көрсеткен түзету орталығының қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алмалы аудандық полиция басқармасы түзету орталығының қызметкері жасаған құқыққа қарсы әрекет бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Жедел тергеу іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәлар мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынып жатыр. Тергеу барысы Алматы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде ер адам баланың қолын қайырып жатқаны көрінетін видео тарады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!