Үш жасар қыздың үш саусағын ет тартқыш шайнап кеткен. Қолы қатты жарақаттанған бүлдіршін бес айдан бері ауруханада ем қабылдап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Дәрігерлер бүгінге дейін кішкентай науқасқа үш рет ота жасап, зақымданған саусақтарын аман алып қалды. Оқыс жағдай 2024 жылғы наурыз айында болған. Белгілі болғандай, зардап шеккен бала анасының жанында ас үйде жүрген кезде электронды еттартқыш баланың қолын тартып кеткен.
Дәрігерлердің айтуынша, науқас ауруханаға қолы еттартқышқа кептелген күйінде жеткізілді. Саусақтарын еттартқыш шайнап кеткен қызды дәрігерлер Сайрам ауданынан Түркістан облыстық балалар ауруханасына санавиация желісімен ауыстырған. Медицина қызметкерлері бүлдіршінге екі рет нэкректомия және тері алмастыру отасын жасап, зақымданған саусақтарын хирургиялық жолмен қайта қалпына келтіріп берді.
"Баланың түскен кезде жағдайы ауыр болды. Саусақтарындағы тамырлары мен терілері зақымданған. Соған қарамастан барынша қалпына келтіруге тырыстық", – дейді Түркістан облыстық балалар ауруханасының травматолог дәрігері Ғалым Байтөре.
Айта кетейік, дәрігерлер баланың қолы мен саусақтарын аман алып қалды. Қазір балақай облыстық балалар ауруханасында ем алуды жалғастырып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!