"Қолын байлап, басына қап кигізген". 12 жастағы баланы белгісіз біреулер ұрлап кеткен

Ыстық көлде әлдекімдер баланы ұрлап, ол үшін 300 мың доллар ақша сұрады. Бала Кемин қаласында табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Kaktus.media сайтына сілтеме жасап. 

Тәртіп сақшылары басылымға бұл дерекке қатысты мән-жайды айтып берген. 

Олардың сөзінше, 20 шілдеде Бөстері ауылының тұрғыны милицияға жүгінген. Ол "Асыл-Таш" пансионатында демалып жүрген. Шамамен 08.30-да белгісіз біреулер оның ұлын ұрлап, 300 мың доллар талап еткен. 

Бұл дерек тіркеуге алынған. Бірден қылмыстық іс қозғалған. 

2010 жылы туған баланы сол күні табылған. Оның қолы байланып, басына қап кигізген. Баланы екі ер адам ұрлап кеткен. Ыстық Көл облысының полиция басқармасы әзірге бұл дерекке қатысты пікір білдірмеген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!