Таразда жергілікті тұрғын полицияға жүгінді. Ол қарақшылардың шабуылына ұшырағанын айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы дүйсенбі, 9 наурызда Polisia.kz-тің Telegram-арнасында мәлім болды.
Әйелдің айтуынша, бетперде киген біреу үйіне басып кіріп, қарумен қорқытып, қолын байлап, алтын бұйымдары мен ақшасын алып кеткен.
"Ауыр қылмыс туралы хабар бірден тіркелді. Полиция қызметкерлері соталды тергеуді бастап, жедел қызметтер жұмылдырылды. Тергеу және іздестіру шараларының кешені жүргізілді", - делінген хабарламада.
Алайда көп ұзамай ешқандай шабуыл жасалмағаны анықталды.
Полицияның мәліметінше, әйел күйеуімен жанжалдан қашу үшін қарақшылық туралы оқиғаны ойдан шығарған. Шын мәнінде ол алтын әшекейлерін бірнеше ай бұрын күйеуінен жасырып, сатып жіберген.
Жалған қылмыс туралы хабар бергені үшін соталды тергеу басталды.
Полиция жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды. Мұндай әрекеттер құқық қорғау органдарының күш-құралдарын нақты қылмыстарды ашу мен тергеуден алаңдатады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz