- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қолымнан келгенше көмектесемін"....
"Қолымнан келгенше көмектесемін". Семейде қиындыққа тап болған ресейліктерге тегін түскі ас ұсынылды
Семей пабтарының бірі қиындыққа тап болған ресейліктерге тегін түскі ас пен ыстық шай ұсынады. Бұл туралы пабтың Әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Семейліктер бұл хабарламаны өз парақшаларында белсенді түрде бөлісіп жатыр.
"Ресейден келген отбасы жатақхана немесе пәтер іздеп жатыр деген хабарландыруларды бірнеше рет көрдік. Біз бейжай қалғымыз келмейді. Егер сізде қандай да бір қиындықтар немесе проблемалар болса, бізге келе аласыз. Біз сізді түскі ас пен ыстық шаймен қамтамасыз етеміз. Мұның бәрі тегін. Репост үшін алғыс айтамыз ", - делінген хабарламада.
Мекеме қызметкері хабарландыру екі күн қатарынан жарияланғанын айтты. Осы уақыт ішінде бірнеше адам келді, ал бүгін бір топ жігіттер қоңырау шалған.
"Көмек керек болғандықтан, бастаманы өз мойнымызға алдық. Бұл - біздің көршілеріміз. Бұл - кез келген адамның басына түсуі мүмкін және қазір оларға қиын. Адамдар мұнда, белгісіз жаққа, үйлерін тастап, отбасыларымен келеді. Қазір пәтерлердің бағасы өсті. Бәрінің ақшасы жоқ қой, қарапайым адамдар бар. Бұған дейін Томск қаласының жігіттері қалада тұратын, олар жақын жерде орналасты, біз олармен достасып кеттік, олар осында бірнеше күн болды, тамақтанды, олар бізге жақсы әсер қалдырды. Қолымнан келгенше көмектестім, білгенімді айттым, кейін әпкем екеуміз осындай бастаманы қолға алуды жөн көрдік", - дейді кәсіпкер Дәулет Насыров.
Әзірге ресейліктер Әлеуметтік желілерден түскі ас пен ыстық шай алу мүмкіндігі туралы біледі, хабарландыруға қызығушылық танытады немесе пәтер таба алады. Кәсіпкердің айтуынша, Томск қаласынан келген жігіттердің тағы бір досы келген, көмек қолын созғаны үшін алғыс білдірген. Тегін тамақты қаладағы екі мекемеден кез келген уақытта, олар ашық болған кезде алуға болады. Кәсіпкерлер осылайша шекарада сағаттап тұрып, бейтаныс қалаға қоныстанған адамдарға көмектескісі келеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек