Актер Жаһан Отарғалиевпен бұрынғы әйелі, әнші Балжан Бидашпен ажырасуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен отбасым туралы мүлдем әңгіме қозғаған жоқпын. Себебі менің отбасым - жеке кеңістігім болғаннан кейін мен бұл туралы әңгіме қозғағым келген жоқ. Бірақ көп адамнан "Жахан, отбасыңды қайтарсаңшы" деген смс келіп жатыр. Сол кісілерге жауап бергім келеді. Достар, мен отбасымды жайдан-жай жіберіп қоятын соншалықты жынды емеспін. Мен тырыстым, бір емес, екі емес, үш емес, он емес, үш ай бардым, сөйлестім, айтым. "Ойлан, бір ай күтейін, екі ай күтейін, үш ай күтейін" деп жүргенде біраз уақыт өтіп кетті. Сөйтіп ауырып қалдым. Жалпы айтқым келетіні, қымбатты достар, мен отбасымды жайдан-жай жіберіп қойған адам емеспін. Сол үшін бір-біріміз туралы жақсы ойда болайық. Бір-біріміз туралы жақсы сөйлейік", - деді ол Instagram-дағы сторисінде.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Балжан Бидаш актер Жахан Отарғалиевке тұрмысқа шығып, 1980-1990 жылдар стилінде дүркіретіп той өткізген еді. Одан кейін жұлдызды жұп арақатынасы тоқтағанын, яғни ажырасқандарын айтты.
Кейінірек Балжан Бидаш ажырасқаннан кейінгі жағдайын айтып, оқырмандарын ойландырып қойған еді.
"Ажырасуды мен қаладым. Бір күнде шештім де, кеттім. Дегенмен, эмоцияға берілмей, оған дер кезінде қолдау білдірдім. Өйткені ол кезең оған да ауыр. Ниетім түзу екенін көрсеттім", - деді Балжан Бидаш тағы бір сұхатында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!