Танымал әнші Ғаділбек Жаңай "Ұйқым келмейді" бағдарламасында бір жылдары неліктен алты ай мүлде ән айтпағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, осыдан бірнеше жыл бұрын дауысы шықпай қалған.
"2012 жылы "связка" дейді ғой, соны үзіп алдым. Сосын дауысым мүлдем шықпай қалды. Ән айта алмай қалдым. Фониатр дейді, "связканы" емдейтін мамандық. Соған барсам, емдеп көрді, "жоқ, менің қолымнан келмейді, бәрін жасадым, мүмкін басқа мамандық қарайсың" деді. Негізі күш түсірдім, бірақ оның үзілген уақыты құрғақ моншаға барып, содан шыққаннан кейін ән айтқанмын. Сөйтсе, "связка" кеуіп қалған кезде, оның үстіне күш түсірген кезде, бір-біріне үйкеліс болады (екен - еск.). Өте зиян нәрсе екен", - дейді әнші.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!