- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қолым кінәлі". Нұрболат...
"Қолым кінәлі". Нұрболат Абдуллин айыппұлға қатысты мәлімдеме жасады
Танымал әнші Нұрболат Абдуллин жақында төлеген айыппұлға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нұрболат Абдуллин түлектер кешінде бірнеше қызбен вальс билегені үшін әйеліне 300 мың теңге айыппұл төлегені туралы ақпарат тараған болатын.
"Не үшін келді 300 мың штраф?" деген оқырманының сұрағына "Қолым кінәлі. Саусаққа сенім жоқ" деп жауап берді әнші әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, жақында әнші Нұрболат Абдуллин гонорарын көтергені туралы хабарлаған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева