Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жағымсыз жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Ұзақ ойландым. Өмір болған соң бізде де жеңіліс, өкініш, өкпе, әттеген-ай болады. Жазып отырып, қолым дірілдеп тұр... ЭКО әрдайым сәтті аяқтала бермейді, біз іштей бәріне дайын болғанымызбен Құдайдың ісіне (шешіміне) қарсы келе алмаймыз. Өздеріңіз де түсініп отырған шығарсыздар", - деп жазған ол.
Өнер иесінің айтуынша, ЭКО салдырған әйелдің баласы шетінеп кеткен.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!