Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, танымал блогер Фариза Төреәлі осыдан бірнеше күн бұрын күйеуімен бір ауылға мешіт салып жатқанын мәлімдеген болатын. Алайда ауыл тұрғындары блогерге сенбей, оларды "алаяқ" деп айыптаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фариза Төреәлі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Оның сөзінше, ауыл тұрғындары жолдасы Дарханға қоңырау шалып, дөрекі сөйлеп, айыптай бастаған.
"Не болып жатқанын білсеңіздер ғой.
Айтарға сөз таппай тұрмын, алдымен өзіме келіп алайын.
Қолым дірілдеп жатыр. Тамағымда тас тұрғандай.
Мешітке келгенде осылай болады деп ешқашан ойламаппын.
Ауылдың кей адамдары Дарханға қоңырау шалып, "сендер кімсіңдер мешіт салып жатқан" дегеннен бастады. Шошып Бурабайдан атып шықтық ауылға. "Өтірікші, алаяқ екенбіз, бәрі хайп үшін" екен жасап жатқанымыз. Басқалар не айтса, айтсын, бірақ мешіт салынып жатқан ауыл адамдарынан естіген қатты жүрекке батты. Тегін жасап бергелі жатыр едік, неліктен тиісіп жатқанын түсіне алмадық?
Адамдарға не болған?
Алаяқ деп тұрған кезде, ары қарай мешіт салуды қалай жалғастырамыз?", - деп жазған ол.
Ол тұрғындар айтқан сөздер мен олардың айыптағаны көңіліне тигенін жасырмады.
"О бастан ниет Аллаһтың разылығы болды және осымен нүкте қойылады. Кей адамдардың сөздері үшін тоқтап қалады деп ойламаңыздар. Алланың қолдауымен, Оның қалауымен Оның үйлерін, рухани білім ордаларын көбейту мақсатымызды атқаруға барымызды саламыз. Блогымдағы позиция - біреудің күнәсін, қатесін әшкерелемеу. Мынау былай болған деп айтатын дәлел бар болса да жасамаймын. Бірақ шет жағасын өздеріңіз көрдіңіздер.
Мен қыз баласымын, сезімталмын, жасым бар жоғы 22-де. Жүрегіме алып, сөз сүйектен өтеді демекші көңіліме тигенін жасыра алмаймын. Қазірдің өзінде өзімді ұстап, эмоцияға беріліп артық сөздер жазғым келмейді. Миым ештеңені тіпті қорыта алмай тұр, түсінуге тырыссам да түсіне алмай тұрмын. Ешкімнен ештеңе тартып алып, не зиян тигізіп, не ақша жинаған жоқ едік, салып беруімізді өтінген де өздері еді. Истихарамызды оқып, Алладан шешімін сұраймыз.
Ешкімге ештеңе айтылмай салынып жатты десеңіздер қателесесіздер. Сауатты адамдар ретінде тіпті сол ауыл ақсақалдарының үйіне де кіріп батасын алдық біз. Муфтияттан бастап келістіріп, бәріне-бәріне дәлел бар. Бірақ әңгімені майдалауға еш құлшынысым жоқ. Шынтуайытына келгенде өз жеріңе не салсаң да өз еркің. Аппақ көңіліңе келіп түкіріп, таптап кеткендей сезім… Асып тасығаннан емес, Алла беріп жатқан ризықты Оның жолында жұмсау әрекеті ғой… Бұл жолдың сынағы да өзіне сай болады екен. Бұл жол - үмметке қызмет ету жолы", - деп жазды ол.
Сонымен қатар, Фариза Төреәлі парақшасында жаңа жазба жариялап, оқырмандарының оқиғаға қатысты ойын сұрады.
"Бүгінгі жағдай көңіліме батып, сөздер сүйектен өтіп жүрегім тіпті жылады.. Шын ниетпен, ақ көңілмен, кең жүректен жақсылық жасағың келіп шырылдап жүргенде бұндай жағдайлар нәзік жаныңды құлазытады екен.. Дегенмен бұл тоқтап қалу деген мағына емес. Алла қолдауымен Оның үйлерін, рухани білім ордаларын, жақсылықты көбейтеміз деген мақсат бар. Жаратушы жолындағы миссиямызды осы өмірде лайықты түрде атқаруға барымызды саламыз. Үлкен жолда үлкен сынақтарға сүрінбеуді нәсіп етсін.
Сіздердің ойларыңыз екіге бөлініп жатыр. Құрылысты ары қарай жалғастыру, не басқа жерден жаңасын салу. Қалай дұрыс деп санайсыздар?" - деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Ар, ұят, намыс дегеннен безген". Фариза Төреәлі оқырмандарына маңызды ескерту жасағаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Кіндіктес деген кім?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!